Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар қасиетті Құранды жатқа айтты

Мақат ауданына қарасты  "Доссор мұсылмандар Сатен Шәмек" мешіті жасөспірімдер арасында Құран жарысы байқауын өткізді.


             Бай
қауға Доссор кентінің жас қарилары, Мақат кенті, Жылыой ауданының Құлсары қаласы және Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан жас буын қатысты. Мұнайлы өлкеге Түркия елінен арнайы шақыртылған ұстаз Хусейн Кая және "Доссор мұсылмандар Сатен Шәмек" мешітінің имамы Батыр Бердіқұлов қазылық еткен Құран жарысы өте тартысты, қызғылықты жағдайда өтті.
            Бірнеше турдан т
ұрған бәсеке кезінде Құранды қырағатпен оқуда Ізгілік Әбубакр барлық қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды талассыз иемденді. Қасиетті Құран Кәрімнің бір парасын жатқа айтудан Әлібек Асхатұлы бірінші орынды,Әлфараби Батырұлы екінші орынды иемденді.
           
Құранның жарты парасын жатқа айтуда Бексұлтан Ерболұлы үздік шықты. Екінші орын Әлинұр Әлденұлына бұйырды. Құранның жиырма      сүресін жатқа айтуда МұхаммедАли Досжанұлы бірінші орынға, Мәди Досжанұлы екінші орынға лайық деп танылды.
           Шариғатта
"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп және үйреткендерің" деген. Ендеше, ілім ізденуші адамның ең әуелгі міндеті - Құранды жаттау екендігі сөзсіз. Егер біз ертеректегі ізгі мұсылмандарға қарасақ, олардың барлығының Құран мәтінін толық жаттауға өте қатты көңіл бөлгендігін байқаймыз. Өйткені, Құран күллі әлемдегі ілім мен ғылымның негізі. Құранды толық жаттап біткен соңғана олардың шариғаттың басқа салаларына өткендігі Құран жаттаудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Бірақ, қазіргі таңда ілім ізденуші көпшілік мұсылмандардың Құран іліміне, оны жаттауға аз көңіл бөліп, шариғаттың басқа салаларын жетік меңгеруге тырысып жүргеніне куә болып жүрміз. Сол себепті, Құран жарысын өткізу арқылы, жасөспірімдерді ынталандыруды көздедік" дейді "Доссор мұсылмандар Сатен Шәмек" мешітінің имамы Батыр Бердіқұлов.
                 Айта кетелік, сайыс
қорытындысымен жүлде иеленген жасөспірімдердің барлығы қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға Мақат ауданы мешітінің имамы Дәурен Нұржанұлы арнайы қатысып, Құран оқу, ілім алу тақырыптарында ой-пікір өрбітті.


             Орталы
қ "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға