Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сатен - Шамек» мешітіндегі мереке

Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде орналасқан «Сатен - Шамек» мешіті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.


                        Доссор кентіні
ң жамағаты таң сәріден мешітке ағылды. Айт намазының алдында Доссор «Сатен - Шамек» мешітінің Бас имамы Батыр Бердіқұлов Құрбан шалудың және Құрбан айт мейрамын атап өтудің маңыздылығын, тарихын уағыз-насихат қылып айтып өтті. Және жастар арасындағы ауызбіршілік, елімізге деген жанашырлық жөнінде де ойқозғады.
                      Сондай а
қ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлыныңқұттықтауын Доссор кентінің жамағатына жеткізді.
                      Мешіт жама
ғаты мешіт ауласында тігілген киіз үйде мерекеге арнайы даярланған айттықтан дәм ауыз тиді. Құран оқылды. Үш күнге созылған айт мерекесі кезінде әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек, мұқтаж жанұяларға, барлығы отыздан астам отбасыларына құрбан малыныңеті таратылды.
                      Айта кетелік, «
құрбан» - араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Демек, бұл лайықты ізгі істер жасау арқылы, Жаратқанға жақындау деген сөз. Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - «Құдайға құлшылық ниетімен ереже-шарттарын ескере отырып, мал шалу».


                     «Сатен - Шамек» мешітіні
ң баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға