Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Сұлтан Бейбарыс" мешіті алғаш рет "Мектепке жол" акциясына қатысты.

Республикалық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» акциясы аясына биыл алғаш рет, ашылғанына небары екі апта ғана болған Атырау қалалық ұлтан Бейбарыс" атындағы мешіті де ат салысты.

Аз қамтылған, көп балалы, мұқтаж, асыраушысы жоқ санатында тіркеуде тұрған отыз бір отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді. "Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейxи уә сәлламның xадистерінде: "Жарты құрманың көлеміндей болса да жақсы іс жасауға асығыңдар" Адамзат жақсылық жасау арқылы ғана өзінің бойындағы имани құндылықтарын дамыта алады. Демек, біздің мақсатымыз мұқтаж бауырларымызға жәрдемдесу арқылы, жас жеткіншектеріміздің уайымсыз білім алуына жағдай жасау",- дейді ұлтан Бейбарыс" мешітінің Бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Жоғарыға