Бас мүфти Серікбай қажы Ораз сенаторлармен кездесті
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Парламент Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев және Әли Бектаевпен кездесті» деп хабарлайды www.muftyat.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, отбасындағы ананың рөлі, жаназа, құдайы ас рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу, имамдарды әлеуметтік қолдау, жас мамандарды оқыту мәселелері төңірегінде пікір алысты.
«Қоғамды жақсылықа үндеп, халықты бірлік пен игілікке ұйыту – әр салада әртүрлі қызметте жүрген азаматтардың ортақ мүддесі. Бәріміздің мүддеміз бір болған соң бір-біріміздің бастамамызды қолдап, ықпалдасып, ынтымақтасып ел игілігіне қызмет етсек болашағымыз бұдан да баянды болатынына сенімдемін», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Депутаттар жаназа рәсімінде ысырапқа жол бермеу туралы мүфтияттың үндеуін қолдайтынын мәлімдеді.Кездесу соңында Бас мүфти мәртебелі меймандарға «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын сыйға тартты.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.