Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Теолог ауыл тұрғындарымен кездесті

Атырау қаласы, Тасқала ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов Рахметұлының қатысуымен, Алғабас ауылы әкімшілік  үйінде ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты теолог Сұлтан Серікұлымен жүздесті.

Кездесу барысында жат ағым турасында кеңінен тақырып қозғалып, жастар мен оның тәрбиесі жөнінде де кеңестер талқыланды. Отбасы құндылықтары мен қоғамдағы маңызы да айтылды. «Болашақ - жас буынның қолында, ендеше жарқын болашақ үшін адаспас ілім мен әдемі әдептілік жойылмауы керек.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бала тәрбиесі жайлы «Сендердiң әрбiрiң жауапкерсiңдер және жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар. Патша өз қол астындағылар үшiн жауапкер және солар үшiн сұралады. Отбасы жанұя үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Әйел күйеуi сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Қызметшi қожайынның мүлкi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Сендер барлығың жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар» деген. «Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп,  қылықтарын қадағалап бағыт-бағдар беруге көңіл аз бөлінуде. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызықшылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап ықпал етуі керек» деп түйіндеді кездесуді теолог Сұлтан Серікұлы.

 

«Мәулімберген» мешітініңбаспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға