Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешітте білім сайысы болды

«Ислам және Отбасы» жылы аясында Жылыой аудандық мұсылмандар мешітінде әйел жамағаты арасында «Зерде» интелектуалды сайысы өтті.
Ма
қсаты әйел адамның отбасындағы орны, бала тәрбиесін жүзеге асыруы тәжірбиемен бөлісу, ұлттыққұндылықтарымызды дәріптеп, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі дінімізді насихаттау.
Сайыс «Ислам
ғибадаты», «Иман негіздері», «Құран мәңгі мұғжиза», «Ұлттыққұндылықтар» кезеңдерінқамтыды. Шын жүйріктер сынға түсетін сайысқа «Фирдаус», «Кәусар» және «Сәлсәбиль» топтары қатысты. Қатысушылар ұяшық таңдау арқылы фиқһ іліміне, ақида іліміне, қасиетті Құран Кәрімге қатысты және зайырлылық,қазақ халқының салт-дәстүріне, тарихына байланысты сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берді.
Мешіт
ұстазы С.Бауыржанқызы және мешіт жамағаты Г.Ахмедова әділқазылық еткен аталмыш шарада «Фирдаус» тобы 1-ші жүлде, «Сәлсәбиль» тобы 2-ші жүлделі орынмен, «Кәусар» тобы 3-ші жүлделі орынмен және сыйлықтармен марапатталды. Шараға 20-дан астам әйел адам қатысты.

 

 

 


"Жылыой М
ұсылмандар" мешітінің
баспас
өз-қызметі.

Жоғарыға