Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Атырау қаласына қарасты Кеңөзек ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті.

Ауылдық округтің әкімі Ернар Өтешқалиев қатысқан жиында Тасқала ауылдық "Мәулімберген"мешітінің  бас имамы Мақсот Бағытжанов исламдағы жастар тәрбиесі туралы әңгімеледі.

«Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Ал, жастар – біздің жарқын болашағымыз. Оларға жіті көңіл бөлу, тәрбиелеу дін жетекшілері мен елбасшылары алдындағы негізгі мәселелердің бірі. Бүгінгі жастар имандылыққа жол сілтейтін жан сұлулығы мен әдемі әдептерін қайта қалыптастыратын бағыт-бағдарға өте мұқтаж. Қасиетті дініміз ислам үнемі ойлануды, пікір қорытуды, ілім іздеуді бұйырады. Сондықтан да, біздің мақсатымыз – жастарға шынайы ислам діні жайлы мағлұматтар беріп, шарттарын түсіндіріп, теріс ағымдардың жетегінде кетіп қалмаудың алдын алу» деп атап өтті "Мәулімберген" мешітінің  бас имамы Мақсот Бағытжанов.

Жиын барысында "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Мұхиддин Омаров шариғаттағы көптеген мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

 

 

 

 

"Мәулімберген" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға