Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: ДІН МАМАНДАРЫ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында, Атырау аймағына ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің  Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Абуов жұмыс сапарымен келді.

 

Сапар аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Абуов орталық «Иманғали» мешітінде имам-ұстаздармен, дін саласының мамандарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, қоғамдық тұрақтылықты сақтауда дін саласы мамандарының алдында үлкен міндет тұрғанын айтты.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Абуов Елбасы Жолдауында келер жылдың Жастарға арналатыны айтылғанын атап өтті. «Жолдауда реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» делінген болатын. Сондықтан, жастар жамағатымен арада ағарту бағытындағы жұмыстар көптеп жүргізілуі қажет» деп атап өтті спикер.

Кездесу барысында дінаралық татулық мәселесі де көтерілді. Спикер Айдар Абуов мәдениеттердің үндестігін қолдап, Қазақстанның гүлденуі жолында Елбасының гуманистік саясатты ұстанып отырғандығын, ислам - әлемдегі достық пен бірліктің, татулық пен төзімнің, қайырымдылық пен ізгіліктің діні екендігіне маңыз берді.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Жоғарыға