Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Рухани келісім күні» дін қызметкері марапатталды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

18 қазан – «Рухани келісім күніне» орай, бүгін Атыраудағы «Құрманғазы» мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Облыстық әкімдіктің басқарма басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі, діни бірлестіктер, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, сала ардагерлері және жастар қатысқан шара барысында қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды.

Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол Жаулин және өзге де сала мамандары бар. Марапат иелерін құттықтаған аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мерекенің мәнін ерекше атап өтті.

«Жаһандық геосаяси ахуал күрделеніп, саяси қақтығыстар мен экономикалық қиындықтар орын алып жатқан жағдайда, ел азаматтары қазақстандық екенін мақтан тұтуы тиіс. Себебі, біздің елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық, әлеуметтік реформалар бұқараның әл-ауқатын арттыруға ғана емес, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған» деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары  Әлібек Нәутиев.

Атаулы мереке сонау тәуелсіздік елең-алаңынан бастау алады. 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші конгресі өтіп, аталмыш жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол күнді адамдар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу және бітімгершілікті іздеу күні ретінде бекітуді ұсынған болатын. Осылайша, «Рухани келісім күні» алғаш рет Астана қаласында 1997 жылы кең көлемде аталып өтті.

Облыстық «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз-қызметі

 

 

 

Жоғарыға