Жамағат бірлігінің мәні неде?
«Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде мешіт ұжымы және жастар жамағатының ұйымдастыруымен Құптан намазынан кейін жамағаттарға арналып дастархан жайылды.
Жамағатқа арналған дастархан басында Жылыой аудандық орталық мешітінің Бас имамы А. Исаев ауызбірлік, ынтымақ тақырыбында уағыз айтты. Мешіт ұстазы Д. Сүлейменов жамағатпен бірге болу және Алла Тағаланы жамағатпен ұлықтау хақында ой бөлісті.
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім білім іздеп бір жолға түссе, Алла оның жәннатқа барар жолын жеңілдетеді. Ал, адамдар Алланың Кітабын бәрі бірге қосылып оқып-үйрену үшін Алланың үйлерінің біріне жиналса, оларға міндетті түрде тыныштық түседі (яғни адамның жан дүниесін, жүрегіне тыныштандыратын нәрсе) және оларды мейірім шапағат орап алады, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды Өзінің құзырындағыларға айтып мақтанады, ал кімнің амалдары бояу болса, оны шыққан тегі жылдамдата алмайды» деді. Яғни, Алланы жамағатпен бірлесе ұлықтау - күналарымызды кешіріп, дәрежелерімізді жоғарылатын амалдардың бірі» деп атап өтті ұстаз Д. Сүлейменов.
Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз - қызметі.