Қарияларға құрмет көрсетілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазан айының «Қарттарға құрмет көрсету айлығы» болып жарияланғаны белгілі.
Осы ретте Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылының «Кеңөзек» ауылдық округінің мұрындық болуымен, қарттарға арналған шара өтті. Іс-шараны Кеңөзек ауылдық округінің əкімі Ернар Өтешқалиев ашып, жылы лебізін білдірді.
Кездесу барысында Балықшы аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамза Ғабдола мен Кеңөзек селолық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Дүйсебаевтар сөз алып, қоғамдық бірлік, ел болашағы туралы ойларымен бөлісті.
Басқосуға арнайы қатысқан «Мəулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов жамағат арасындағы ауызбірлік, үлкенді сыйлау, қоғамдық тұрақтылықты сақтау тақырыптарында уағыз - насихат айтты.
«Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.