Мәулімберген мешітінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Мешіт ұжымының және мешіт жамағатының атсалысуымен қазіргі таңда ғибадат үйін ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. «Жаратушымыздың үйі адамзат үшін өркениеттің ордасы болып қала бермек. Алла барша мұсылмандарымыздың ниетін қабыл етіп, рахымына бөлегей» дейді «Мәулімберген» мешітінің Бас имамы Мақсот Бағытжанов.
Мәулімберген мешітінің баспасөз – қызметі.