Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қарттарым – асыл қазынам

Атырау қаласына қарасты Геолог ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен, қарияларға құрмет көрсетілді. Игі шараға Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев қатысып, уағыз-насихат айтты.

«Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, айрықша құрметтеп келген. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Қарты бар ел – қазыналы ел. Асыл дініміз исламда да қарттарға құрмет көрсетудің маңызы зор. Қарттарды сыйлау, үлкендерді құрметтеуге арналған көптеген тамаша ғибратты хадистер бар. Атақты ислам ғалымдары «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» деп өсиет еткен.

«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес..» Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Бұхаридан жеткен бұл хадисі - қарттарға деген сый мен құрметтің жоғарғы болуын әйгілеп тұр» деп атап өтті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға