Жастар жамағаты сенбілік ұйымдастырды
Жылыой аудандық орталық мешітінде сенбі күні мешіт ұжымы және жастар жамағатының қатысуымен сенбілік өтті.
Сенбілік кезінде мешіттің ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштардың түбіндегі жапырақтар жиналды. Және ағаштардың түбі әктелді.
Дініміз Ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын да жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!» деген. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді» деген.
Бұл өткізілген шара тазалық жұмысы болуымен қатар, мешіт жамағаттарының ауызбіршілігінің де айқын көрінісі болды.
Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз-қызметі.