Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Неке алдындағы жауапкершілік қандай?

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз  елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте айлық отырыс өтті.

         Отырыс барысында Жұлдыз елдімекенінің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы неке құру, отбасы алдындағы әйел мен ердің жауапкершілігі туралы уағыз-насихат айтты. "Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадис-шарифтерінің бірінде "Үйленіңдер, көбейіңдер! Қияметте сендердің көптіктеріңмен мақтанамын" деген сөзі бар. Некелесу ерге де, әйелге де белгілі бір жауапкершіліктерді жүктейді. Ер адам – отбасының асыраушысы, ол әйелі мен баласын материалдық және рухани тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті болса, әйелдің міндеті – күйеуіне бағыну, өзін күнәлі істерден сақтау, ерінің тапқанына иелік ету. Мұсылман отбасында ерлі-зайыптылардың міндеттері мен орны ертеден белгіленіп, діни және ұлттық салт-дәстүрмен бекітілгендіктен, олардың отбасы баянды бола алды" деп атап өтті ұстаз Ардақ Жұмабекұлы.

         Елуге жуық жамағат қатысқан отырыс соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Жоғарыға