Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өкіл имам «Тәмірәлі» мұсылмандар мешітінің жамағатымен кездесті

Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, мүфтияттың мұнайлы өлкедегі өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров жергілікті орталық мешітіне арнайы барды.

Құрманғазы аудандық «Тәмірәлі» мұсылмандар мешітінің жағдайымен, ішкі жұмыстарымен танысып, бірқатар тапсырмалар бергенАтырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров  жергілікті жамағатпен жүздесті.

Жамағатпен жүздесу кезінде қоғамдық бірлік, бауырластар арасындағы ынтымақтастық тақырыбы негізгі диалог алаңының арқауы болды.

«Мұсылманның көріктісі,жақсысы - оның мінез-құлқының көркем жақсы болуында. Көркем мінез–сабырлық, шыншылдық, аманат, туралық, тіліне ие болу, ойының таза болуы, жомарттық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, бауырмалдылық, бірлік, батылдық сияқты көптеген мақтаулы сипаттарымен танылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деген. Бүгінгі мұсылмандар көркем мінездің үлгісі бола білсе, әлем мұсылмандарының бірлігі сақталары сөзсіз» деп атап өтті өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Жоғарыға