Атырау облысының Бас имамы Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында жергілікті орталық мешіттің жұмыс жағдайымен танысып, бірқатар тапсырмалар берген Бас имам Батыржан қажы Берденұлы жергілікті жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.
"Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Баланы кез – келген пішінге салуға болады. Сәби құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан, бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" дегендей, адамзат тіршілігі мен ұрпақ жалғастығында да баланың рөлі сондай. Бала Алланың адамға берген аманаты" деп атап өтті Бас имам исламдағы бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары хақында жүргізген уағыз кезінде.
Одан әрі Бас имам Доссор кентіне жол тартты. Доссор ауылындағы Сәтен Шәмек мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесті.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.