Өкіл имам мешіт әдебін үйретті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Жылыой ауданына келген іс-сапар барысында жамағатпен жүздесті.
"Жылыой мұсылмандар" орталық мешітінде Құптан намазы алдында "Мешіт әдебі" тақырыбында уағыз айтты.
"Мешітте намазды күтіп отыру абзал істерден. Оның абзалдығын Пайғамбардың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисінен көре аламыз: "...Кімде-кім мешітке кірсе және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендердің біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған: "Ия, Алла! Оны рахметіңе бөле, Ия Алла! Оны кешіріп, жарылқа. Ия Алла! Оның тәубесін қабыл ет" деп тілейді" деген өкіл имам мешіттіңқұлшылық жасалатын қасиетті орын екендігін атап өтті.
Кездесу соңында Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы елдің тыныштығы мен ауызбіршілігі үшін дұға жасады.
Жылыой аудандық "Жылыой мұсылмандар"
мешітінің баспасөз-қызметі.