Тұрғызба ауылына жаңа имам тағайындалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен, Бауыржан Бақбергенов Жылыой ауданына қарасты "Тұрғызба" ауылы мешітінің имамы болып тағайындалды.
Дін саласының жаңа қызметкерін мешіт жамағатымен жүздескен Жылыой аудандық "Жылыой мұсылмандар" орталық мешітінің наиб имамы Нұрбек Ибайдуллаев таныстырды.
Осыған дейін "Тұрғызба" ауылы мешітінің имамы қызметін атқарған Нұрдаулет Нұрланұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
"Жылыой мұсылмандар" Жылыой аудандық орталық
мешітінің баспасөз - қызметі.