Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мәуліт айының құрметіне Құспан молла мешітінде отыз балаға сыйлық үлестірілді

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Атырау қалалық Құспан молла мешітінде аз қамтылған отбасылардың балаларына сыйлық үлестірілді.

 

Барлығы отыз бала қамтылған қайырымдылық шарасында Құспан молла мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров сөз алып, Мәуліт айының ерекшелігі туралы айтып өтті.

«Алла Елшісі (с.ғ.с) мейірімділіктің, ізгіліктің, шынайы мұсылмандықтың символы. Оның (с.ғ.с) айрықша мейірімділігі арада қанша ғасырлар өтсе де, мұсылман әлеміне үлгі болып келеді. Өзіңде барды өзгемен бөлісу –  Алла Тағала жақсы көретін игі істердің бірі. «Сәбә» сүресінде «Алланың жолында не жұмсасаңдар да Алла Тағала оның орнын толтырады» делінген. Қазақ халқында «Берсең, балаға бер!» керемет тәмсіл де бар» деп атап өттіАтырау қалалық Құспан молла мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға