Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Ерболат Боқанов «Иман жастары» ұйымының мүшелерімен кездесті

Атырау қаласындағы «Мәулімберген» мешітінде ұстаз Ерболат Боқанов «Иман жастары» ұйымының  мүшелерімен  кездесті.

«Мәулімберген» мешітінің Бас имамы Мақсот Рахметұлының ұйымдастыруымен өткен шарада жастарды көркем мінез бен игі істерге тәрбиелеу тақырыбы көтерілді. «Бақытты болудың басты кілті - көркем мінез бен сабыр. Ендеше, бар жақсылықтың нышаны мен бастамасы бола білу әр мұсылманның қолынан келер іс. Көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдар мен ізгілердің мінезі. Айша анамыз (Алла оған разы болсын): Хазірет Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Иә, Алла Тағалам! Жаратылысымды көркем еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші» деп дұға ететін деді. Демек, әр мұсылманға Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін көбірек оқу керек» деп атап өтті ұтаз Ерболат Боқанов.

 

 

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.

Жоғарыға