Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам исатайлық ақсақалдармен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Исатай ауданында жұмыс сапарымен болды.

Исатай ауданының орталығы -  Аққыстау ауылында орналасқан Зинеден Құрасұлы атындағы орталық мешітінің жұмысымен танысқан Бас имам Батыржан қажы Мансұров жергілікті ауыл ақсақалдарымен де жүздесті.

       "Жаназа және жерлеу рәсімдері" тақырыбында мағыналы сұхбат жүргізген Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров жаназа рәсімдерінде мұсылманға тән қарапайымдылық сақталуы қажеттігін атап өтті.

       "Жаназа намазы – пенденің дүниедегі және өзгелердегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Мұндайда бастысы сабырлылық пен қарапайымдылық қажет. Жаназа кезінде марқұмның суретін алып жүру, бейітін алып күмбез етіп  тұрғызу сынды дүниелерді шариғат құптамайды. Жаназа дастарханы да қарапайым мәзірден тұруы керек. Осындай дүниелерді ауыл ақсақалдары ұдайы насихаттап отырса" деп атап өтті ұстаз Батыржан қажы Мансұров.

       Кездесу соңында Зинеден Құрасұлы атындағы орталық мешітінің жанынан құрылған "Аққыстау иман жастарының" ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.  Шара аясында жеті бірдей мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға