Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау қала мешіттері біршама жұмыстар пысықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Атырау қаласына қарасты мешіт имамдарын жинады.

 

2019 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталған жиын барысында негізінен жастар мәселесі, оқу-ағарту, сауат ашу, жат ағымның алдын алу, қайырымдылық бағыттары талқыланып, іс-шаралар жобасы бекітілді.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы елімізге қарасты барлық мешіттерге негізінен төрт бағыт бойынша жұмыс атқаруды жүктеген болатын. «Яғни, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралар және сауат ашу бағытындағы жұмыстар алдыңғы кезекте тұратын болады. Десе де, биылғы жылдың басты ерекшелігі тұтас кезеңнің жас буынға арналуы болып отыр. Жақында ғана Астанада «Жастар жылының» ресми ашылуы өтті. Жиынға арнайы қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылына байланысты атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын атады. Осы ретте мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілдігінде жастар арасында руханиятты, қайырымдылықты, ізгілікті насихаттау бағытында іс-шаралар легі жыл бойына атқарылуы тиіс» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің  баспасөз-қызметі.

Жоғарыға