Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы айлық дастарханға қатысты
Белгілі исламтанушы ғалым, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мұнайлы өңірге екі күндік жұмыс сапарын Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қорытындылады.
Құптан намазынан кейін аталмыш мешітте айлық дастархан ұйымдастырылды. Жергілікті жамағаттың басын қосқан кеште ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы рухани жаңғыру, сана тазылығы, рухтың биіктігі, ел бірлігі тақырыптарын қозғады.
"Ислам дінінде мұсылман адамның тән тазалығына қоса, рухани тазалығы да сақталу керек. Сол үшін де асыл дінімізді насихаттай бастаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол кездегі азған қоғамды үш жағынан тазалаған болатын. Біріншісі – жүректерді Алладан өзге нәрселерге табынудан тазалады. Екіншісі – ғибадат тазалығы, яғни намаз, ораза, қажылық, зекет арқылы күнәлардан тазаласа, құлшылықта орындалатын дәрет, ғұсыл арқылы тәнді тазалады. Үшіншісі – өтірік, ғайбат айтпау, біреудің ақысын жемеу, тәкаппар болмау сияқты көркем мінез тазалығы" деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.