Ұстаз Батыржан Берденұлы бала тәрбиесіндегі маңызды элементтерді атады
islam-atyrau.kz/1 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының Бас имамының пікірінше, біз балаға бөлмеде тұрған гүлді баптау секілді қарамауымыз керек.
«Баланың жақсы ұрпақ болып өсуі, ең бірінші кезекте ата-анасына міндет. "Ата-ана балаға мейіріммен қараса, Алланың мейірі ата-анаға түседі" деген хадис бар. Демек, ең алдымен балаға мейірімділік керек. Екіншіден, дәстүрлі қазақ отбасындағы әке мен ананың мектебін қайта жаңғыртуымыз қажет.
Мысалға, ер балаға азаматқа қатысты дүниелерді үйрету маңызды. Қыз баланы әйел затына қатысты дүниелерге баулыған абзал. Қазіргі кезде біз ер балаларымыздың мінездерін жұмсартып алдық. Өйткені, ұлдарымызға суға жүзуді, атқа мінуді үйретпейміз. Садақ атуға, мал бағуға баулымаймыз. Асылында, осы дүниелер баланың ер азаматтық мінезін қалыптастыратын негізгі факторлар.
Қыз балаға асханадағы дүниелерді көбірек үйрету керек. Әрине, тәрбиеде өтірік айтпау, ұрламау, дастархан үстінде өзін байыпты ұстау, әдепті болу деген нәрселер де өте маңызды. Бірақ, бұл қасиеттерді бала ата-анасынан күнделікті көріп жүріп, бойына сіңіріп өседі» деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.
(Толық нұсқасы islam-atyrau.kz-ның мақалалар бөлімінде)
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.