БАС МҮФТИ: БІЗДІ ОРТАҚ ТАРИХЫМЫЗ ЖАҚЫНДАСТЫРА ТҮСЕДІ (ФОТО)
islam-atyrau.kz/12-наурыз, 2019 жыл. Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мысырдың Мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталық директоры, доктор Ранда Махмұд Ризк ханыммен кездесті.
Мейман Бас мүфтиді Египет Араб Республикасы Президентінің І дәрежелі орденімен марапатталуымен құттықтады. «Бұл Сіздің Ислам дініне, білім мен ғылымға қосқан еңбегіңіздің жемісі. Айтулы тарихи оқиға Мысыр мен Қазақ елі арасындағы рухани-мәдени байланысты одан әрі нығайта түсті деп есептеймін», – деді Ранда Махмұд Ризк.
Өз кезегінде Серікбай қажы Ораз:
Кездесу барысында Бас мүфти мейманға «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты тарихи-танымдық кітабын таныстырып, қазақ топырағында бой көтерген мешіттер мен медреселер жұмысы жайлы әңгімелеп берді.
Басқосу соңында тараптар рухани-мәдени һәм діни бағытта ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.
Дереккөз: "Мүфтият. кз"