Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда ҮІІІ республикалық Құран жарысының іріктеу турына үміткерлерден өтініш қабылдау басталды

islam-atyrau.kz/12-наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл жобасы болып табылатын республикалық Құран жарысына іріктеу туры Атырауда 7 сәуірде орталық «Иманғали» мешітінің ғимаратында өтеді.

Номинанттар төрт номинация бойынша анықталады:

Құранның отыз парасын  жатқа оқу;

Құранның жиырма парасын жатқа оқу;

Құранның он парасын жатқа оқу;

Құранды мәнерлеп оқу;

 Әр номинация бойынша үш орын белгіленіп, жеңімпаздарға қаржылай сыйлық беріледі.

Қатысушыларға негізінен 5 талап қойылады:

Біріншіден, үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

Екіншіден, үміткердің жасы 30-дан аспауы тиіс;

Үшіншіден, республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері қатыса алмайды;

Төртіншіден, үміткер бір номинация бойынша ғана қатыса алады;

Бесіншіден, құжаттар 5 сәуірге дейін қабылданады;

Жеңімпаздар республикалық Құран жарысына жолдама алады.

«Алла Елшісі (с.ғ.с): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деген. Мұндай жарысқа қатысып, әзірленудің өзі үлкен сауап» дейді рухани ұстаздар. Ендеше, байрақты бәсекеде бақ сынасуға асығайық!

Анықтама телефоны: 8701 709 74 74

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға