Мектеп мұғалімдері мешітте сенбілік өткізді
islam-atyrau.kz/16 наурыз, 2019 жыл. Бүгін атыраулық мұғалімдер өнегелі істің үлгісін көрсетті. Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы орта мектептің мұғалімдері орталық "Иманғали" мешітіне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мектеп мұғалімдерінің бастамасымен өткізілген сенбілік аясында мешіт ауласы тазартылып, ағаштардың түбі әктелді.
"Ислам тазалықты сүйетін дін. Мешіт игілігіне атқарылған мұндай жұмыстардың сауабы мол болады" дейді орталық "Иманғали" мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.