Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
islam-atyrau.kz/16 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен орталық "Иманғали" мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша секторының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке барысында кулинариялық тағам, ыстық тағам түрлері қолжетімді бағада сатылды. Жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне орталық "Иманғали" мешіті жанындағы Сауат ашу курсының шәкірттері атсалысты.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.