Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ӨКІЛ ҚАЛА ИМАМДАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

islam-atyrau.kz/18-наурыз, 2019 жыл. Бүгін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың төрағалығымен орталық "Иманғали" мешітінде жиын өтті.

 

         Атырау қаласына қарасты барлық мешіт имамдары қатысқан жиында мүфтият тарапынан міндеттелген штаттық мәселелер талқыланды. Және Наурыз мерекесіне дайындық жайы да пысықталды.

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров қала, аудан және ауыл мешіттеріне Ұлыстың ұлы күніне орай, бұқаралық сипаттағы шараларды кеңінен ұйымдастыруды тапсырды. Қырдағы ел ойдағы елмен қауышып, көрісетін ұлттық мерекеде дәстүрмен сабақтастық мәселесіне баса назар аудару керектігін де ескертті.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға