Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар секторы қайырымдылық акциясын өткізді

islam-atyrau.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, Атырауда қайырымдылық акциясы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен сегіз отбасына әрқайсы қомақты сомаға шақталған азық-түлік тапсырылды.

«Жастарымызды ынсапты болуға, өзгеге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырған мұндай шаралар жалғаса береді. Мұсылмандар бір-біріне бауыр. Қиын жағдайда бір-біріне көмектескен бауырлар екі дүниенің сауабына кенеледі» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Мұрат Мұстафаев.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға