Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қыз бала ұлттың ұяты

islam-atyrau.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелова «Apec PetroTechniс» жоғарғы колледжінің студент қыздарымен кездесті.

Қазақ қызының бойындағы тәрбие, адамгершілік, адалдық, рухани тәрбие, имандылық негіздері туралы тақырыпта уағыз-насихат жүргізген ұстаз Айжарқын Түзелова қыз баланың отбасы, қоғамдағы орны жөніндегі сауалдарға жауап берді.

«Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы. Халқымыз қыз бала тәрбиесіне қатты мән берген. Асыл дініміз Исламда да қыз баланың орны ерекше. Алла Тағала  жалпы әйел затын сұлулықтың символы, өмірдің гүлі, тіршіліктің сәні етіп жаратқан. Жаратушы Жәннатты аналардың табанының астына салып, әйел-аналардың дәрежесін көтеріп қойған» деп атап өтті ұстаз Айжарқын Түзелова.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға