Атырау өкілдігінің қайырымдылық мекемесі ізгілік пен руханияттың ордасына айналды
islam-atyrau.kz/21 наурыз, 2019 жыл. Осыдан біраз уақыт бұрын жұмысын бастаған өкілдіктің қайрымдылық мекемесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың бастамасымен игілікті істердің жаршысына айналды.
Атырау қаласындағы Балықшы мөлтек ауданының Ашенов көшесі бойында орналасқан қос қабатты ғимарат заманауи талаптарға толықтай жауап береді.
"Ілім мен ізгіліктің берекелі ордасына айналған қос қабатты ғимаратта екі сынып бөлмесі, намазхана, кітапхана, ұстаздар бөлмесі бар. Үзіліссіз жұмыс істейтін асханада шәкірттерге үш мезгіл қызмет көрсетіледі. Бұл игілікті бастамаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі қолдау көрсетіп отыр" дейді қайырымдылық мекемесінің жетекшісі Өсімхан Тілеуов.
Бұдан бөлек, қайырымдылық мекеменің жиырма орындық жатақ орны жұмыс істейді. Қазіргі таңда аталмыш жатақханада әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан жиырма студент жатып оқиды" деп түйіндеді бізбен сұхбатын қайырымдылық мекемесінің жетекшісі Өсімхан Тілеуов.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.