Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Батыржан Мансұров Индер ауданына сапармен барып, жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/21 наурыз, 2019 жыл.  Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров Индер ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген сапар аясында Атырау облысының Бас имамы Индер аудандық Әйіп қажы мешітіне арнайы ат басын бұрып, жергілікті жамағатпен кездесті.

Жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтаған Бас имам Батыржан қажы Берденұлы жамағатты ұлттық салт дәстүрімізді ұлықтаған тамаша көріністің куәсі етті.

Мереке қарсаңында Бас имам екі бірдей сәбиге азан шақырып есім берді. Ата дәстүр жолымен азан шақырылып есім берілген сәбилер Юсуф Есмағамбетов пен Мұрат Ахмад. Сондай ақ, ұстаз Батыржан қажы Берденұлы Аиша есімді кішкене бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ бата берді.

Мерекелік шараның құрметіне Индер аудандық Әйіп қажы мешітінде Наурыз дастарханы жайылды. Ақ дастархан басында Мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD ғылым докторы, Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы садақаның сауабы туралы уағыз айтты.

"Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға бергеніміз абзал. Құран Кәрімде екі жүз жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайы баяндалады. Яғни, Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан" деп түйіндеді сөзін ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Медиа

Жоғарыға