Мұқтаж жанға көмек көрсетілді
islam-atyrau.kz/25 наурыз, 2019 жыл. Мұқтаждарға көмек қолын созу - исламның басты шарттары болып қала береді. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлының бастамасымен, жергілікті тұрғынға қаржылай көмек көрсетілді.
Маруся Куненова әжей тағдырдың тәлкегімен жалғыз қалған ана. "Әжей мешітке көмек сұрап келді. Едәуір сырқаты да бар. Біз әжейге қаржылай көмек апарып тастадық. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен қазақ халқы мұқтаждардың тілегін аяқ асты етпеген. Қайырлы амал жасау - исламның да негізгі шарттарының бірі" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.