Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымылық акциясы өтті
islam-atyrau.kz/28 наурыз, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымылық акциясы өтті.
Әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты аналарға әрқайсысы 25 кг болатын азық-түлік пакеті таратылды.
«Жалғыз басты аналар жатақханада тұрады. Бұл жолы біз сегіз отбасын қамтыдық. Асылында, ислам өзгеге жәрдем беруді бұйыратын дін. Адамзат тарихына үңілсек, исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал, ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.