Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Волейболдан ашық турнирде "Иманғали" мешіті командасы чемпион атанды

islam-atyrau.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Бұған дейін Атырауда волейбол саласының ардагері Назаров Бисенбай Айтқалиұлын еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан халықаралық ашық турнир өткендігін хабарлаған болатынбыз.

Аталмыш турнирде орталық "Иманғали" мешіті жамағатынан құралған команда оқ бойы озық шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған спорттық бәсекеде "Иманғали" мешіті командасы Атырау мұнай өңдеу зауыты және Орал қаласынан келген командаларды ойсырата ұтты.

Ерекше айта кетерлігі, волейбол ойынына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров қатысып, әдемі ойынның өрнегін көрсетті. Аталмыш бәсекеде Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров «Ардагер волейболшы» құрметті атағымен марапатталды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға