Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық имамдар Республикалық ақпараттық насихаттық топтың құрамына өтті

islam-atyrau.kz/5 сәуір, 2019 жыл.  Атыраулық имамдар - Өсімхан Аманбайұлы және Ардақ Жұмабекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихаттық топтың құрамына өтті.

Насихаттық топ мүшелері Нұр – Сұлтан қаласында мүфтияттың Орталық аппаратында арнайы сынақ тапсырды. Яғни, дін қызметкерлері тест және ауызша түрдегі емтихан сұрақтарына жауап берді.Электронды емтихан сұрақтарына фиқһ, сира, ҚР заңдары мен заңнамалары, тарих, т.б. пәндер енгізілген. Мақсат – дін қызметкерлері арасында сараптама жүргізіп, білім деңгейін анықтау. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тест тапсыру шарасына арнайы қатысып, емтихан жүргізу барысымен танысты.

«Біз дін қызметкерлерін әрдайым жетілдіріп отыруымыз керек. Имамдар тек діни біліммен шектеліп қалмауы тиіс. РАНТ тобының нәтижелі жұмысының арқасында өткен жылы 347 азамат радикалды райынан қайтты», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Сынақтан сүрінбей өткен дін мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың қолынан республикалық ақпараттық насихаттық топтың мүшелігін растайтын куәлік алды.

Айта кетелік, 2018 жылы Республикалық ақпараттық насихаттық топ құрамында 28 адам жұмыс істеді. Өңірлер бойынша 250-ге жуық жалпы кездесу, 150 жеке кездесу өтті.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға