Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау мешіттерінде жерлеу және жаназа рәсіміне байланысты уағыз айтылды

   islam-atyrau.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен атыраулық имам-молдалардың жаназа және жерлеу рәсімдеріне байланысты үндеу қабылдағаны белгілі.

         Бүгін жұма намазында Атырау облысына қарасты қалалық, аудандық және ауыл мешіттерінде жерлеу және жаназа рәсімдерін шариғаттан аттамай өткізу тақырыбында кеңінен уағыз-насихат айтылды. «Мәселен, біз Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров бекіткен Имамдар үндеуін жамағатқа 1000 дана басып шығарып тараттық» дейді Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

        Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде және Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде Үндеу көшірмесінің 400 данасы мешіт жамағатына үлестірілді. «Халық бұл бастаманы қолдап жатыр. Шариғатымызға тән қарапайымдылықты күнделікті тұрмысымызда ұстанғанымыз әлдеқайда абзарылақ» дейді атыраулық имамдар.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға