Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Атыраудың бас мешітінде жұма уағызын жүргізді
islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.Мұнайлы өлкеге жұмыс сапары аясында мүфтияттың «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жергілікті мешіт жамағатымен кездесу кезінде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ораза ұстаудың қадір-қасиеті туралы айтты.
«Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік-жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, Алла Тағала оразаны басқа ғибадаттардан ерекшелеп, оның сауабының қаншалықты екендігін Өзі ғана білетіндігін айтқан. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінен (с.ғ.с.) риуаят еткен құдси хадисте: Алла: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Ал, (ораза) Мен үшін болғандықтан, оның сауабын өзім беремін» деген. (әл-Бухари)» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.