Нұр шашқан Рамазан: аймақ мешіттерінде Тарауих намазы басталды
islam-atyrau.kz/6 мамыр, 2019 жыл.
Нұр шашқан Рамазан айын сағына күткен Атырау халқы Тарауих намазының алғашқы күнінде аймаққа қарасты барлық мешіттерде сап түзеді.
Сауабы мол амалды атқаруға асыққан мұсылман бауырлардың саны қай мешітте де көп болғаны сонша, көптеген мешіттердің ішінен бөлек, ауласы, тіпті сырты да сап түзеген мұсылмандарға толы болды.
Тарауих намазының алғашқы күні, яғни мамырдың 5-нен 6-на қараған түні аймаққа қарасты барлық мешіттердің бас имамдары Құран-Кәрімді хатым етіп, тарауих намаздарында имамдыққа шығатын қариларды таныстырып өтті.
Мәселен, Атырау қаласына қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте Абдубасид Қабылов пен Мұхиддин Гулумиддинов есімді қарилар қызмет көрсетеді.
Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде қари Мұхаммадазиз Шахмансуров Құран-Кәрімді хатым етеді. Ал, облыс орталығы маңындағы Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде Ислам Қаюпов пен Айбек Шакидани есімді қарилар Тарауих намазын жүргізеді.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі