Рамазан айшықтары: БАС ИМАМ МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
islam-atyrau.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров аймақтың бас мешітінде жамағатты қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.
«Ораза – Алла Тағала мен пенде арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Хадис-құдсида Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен (әтірден) де артық», – дейді.
Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейді. Рамазан мүбәрак болсын» деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров уағыз-насихат кезінде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.