Атырау: Орталық мешітте Құран хатым түсіру басталды
islam-atyrau.kz/6 мамыр, 2019 жыл.
Күллі мұсылман жұртшылығы асыға күткен Рамазан айының кіруіне байланысты Атырау облысының бас мешітінде Құран хатым түсіру басталды.
Құранды хатым ету шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров қатысып, Тарауих намазына тұрды.
Құран хатым түсіру құрметі «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Хусейн Каяға бұйырды.
30 парадан тұратын Құран 30 күн бойы оқылып, Рамазан айының соңында дұғасы жасалатын болады. 30 күн бойына мешітте ақсақалдар, ақжаулықты аналар Құранға назар салатын болады.
Еске сала кетелік, биыл ораза – 30 күн. Пітір садақа мөлшері – 300 теңге.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.