Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Өкіл имам «Иман жастары» еріктілерінің ата-аналарымен кездесті

 islam-atyrau.kz/7 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары  діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешіті жанынан «Иман жастары» еріктілер қозғалысының жұмыс істеп жатқаны белгілі.

 

Көптеген игі бастамалардың жаршысы болып келе жатқан еріктілерге орталық «Иманғали» мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев жетекшілік етуде. Жуырда аймақтың Бас имамы Батыржан қажы Мансұров «Иман жастары» еріктілерінің ата-аналарымен кездесті.

«Біз жастарымызға Құран үйретіп, діни тұрғыда тәлім-тәрбие беріп жатырмыз. Бұл кездесудің мақсаты – жастарымыздың ата-аналарымен жақынырақ танысу, пікірлесу еді» деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров ислам дінінің қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.

«Ислам – бүкіл адамзатқа Алла жіберген әрі қияметке дейін жалға-сатын соңғы дін.  Ислам – ақыл-ой мен ғылым діні. Ислам діні ақылға ерекше мән бере отырып, діни құлшылықтарды дұрыс орындау үшін ақылды болуды талап етеді. Білімге үлкен мән берген дініміз әрдайым оқуды, үйренуді бұйырған. Ілім үйренудің әрбір мұсылман үшін парыз екендігін білдірген» деген Бас имам Батыржан Мансұров ізгі ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналарды қашан да балаларына қолдау білдіруге үндеді.

Еркін форматта өткен кездесуде өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналардың әрқайсына Бас имам Батыржан Мансұровтың атынан Алғыс хат табыс етілді. Осылайша, ақ дастархан жайылған салтанатты шараға барлығы елу ата-ана қатысты.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға