Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әйелдер-қыздар секторы мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берді

islam-atyrau.kz/19 мамыр, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне екінші, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Атыраудағы дәмханалардың бірінде ауызашар дастарханын берді. 

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың қолдауымен өткен шарада барлығы отыз адам қамтылды. Сонымен бірге, орталық "Иманғали" мешітінің әйел жамағатының ұстаздары, Әжелер мектебі қатысқан ауызашар рәсімінде ғибратты әңгімелер айтылып, шара рухани кеш деңгейіне көтерілді.

"Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): "Кімде-кім ораза ұстаушыға ауыз аштыратын болса, ораза ұстаушының жинаған сауаптарын ауыз аштырушы адам ешбір кемшіліксіз алады" деген. Және "Рамазан айында кім жақсылық жасаса, сауабы еселеніп жазылады" деген де керемет хадис бар. Ауызашарға келген қонақтарымыздың барлығы ораза ұстап жүрген бауырларымыз. Біздің мақсатымыз - қасиетті айдың құрметіне қамкөңіл жандарға жан жылулығын сыйлау" дейді орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелова. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға