Рамазан айшықтары: Жұлдыз мешіті жамағатқа нан үлестірді
islam-atyrau.kz/19 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айы қоғамды ізгілік, игілік жолында біріктіре түседі.
Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте Рамазан құрметіне жамағатқа нан үлестірілді.
"Осылайша, біз әріптестеріміз бастаған керемет эстафетаны жалғастырып отырмыз. Ас атасы нан жүз жамағатты қамтыды. Рамазан айы жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан, ғибадат айында ерекше рухани күйде іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.