«Рамазан керуені»: Қадыр түнінің құрметіне Құспан молла мешіті 25 отбасына азық-түлік таратты (+ФОТО)
islam-atyrau.kz/31 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айындағы ең ұлық күн – Қадыр түнінің құрметіне Атырауда «Рамазан керуені» жалғасын тапты.
Атырау қалалық Құспан молла мешітінде 25 отбасына азық-түлік пакеті үлестірілді. «Жалпы салмағы 80 кг болатын азық-түлік негізінен зағип, көп балалы, мұқтаж отбасыларды және жалғызбасты аналарды қамтыды. Асылында, Рамазан жақсылықта жарысатын ай. Бұл айдағы ізгілікті істердің сауабын Алла Тағала береді. Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап, басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз, басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады» дейді ізгілікті істі Қадыр түніне орайластырып отырған Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.