Рамазан айшықтары: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте Құранды хатым ету аяқталды
islam-atyrau.kz/31 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте Құранды хатым ету аяқталды.
«Біздің қариларымыз жиырма күннің ішінде Құранды хатым етуді аяқтап отыр. Мешітімізде Құран күніге 1,5 парадан оқылды. Осылайша, Құран хатымның батасы жасалып, еліміздің тыныштығы, бірлік жолында дұға жасалды.
Асылында, қасиетті Рамазанда Құран оқудың сауабы өте мол. Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран - соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты» дейді Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Осылайша, мешіт ұжымы және жамағаты Алматы қаласынан арнайы шақыртылған қарилар Мұхиддин Ғұламиддинов пен Абдулбасит Қабиловты құрметпен шығарып салды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.