Атырау қалалық Құспан молла мешіті мұқтаж отбасыларға зекет таратты
islam-atyrau.kz/4 маусым, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Атырау қалалық Құспан молла мешіті төрт отбасына зекет таратты.
Әлеуметтік тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және бес баланы асырап отырған жалғызбасты ана санатындағы азаматтар қамтылған шара кезіндеАтырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Назарбай Абдураманов зекетті үйді-үйге үлестірді.
«Зекет – Алла Тағаланың мұсылмандарға міндеттеген парызы, ислам дінінің басты діңгектерінің бірі. Алла Тағала Өзінің кітабында «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп бұйырған (Бақара, 43). Зекеттің парыз екендігін мойындамаған адам Ислам міллетінен шыққан болып есептеледі» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Назарбай Абдураманов.
⠀Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.