Атыраудың бас мешітінде өткен Ораза айт мерекесінің видеосы жарияланды
islam-atyrau.kz/6 маусым, 2019 жыл. Қасиетті Ораза айт мерекесі күні Атыраудың бас мешітінде 7000-ға жуық жамағат айт намазына жиналған еді.
Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен бұл күні 2000 сәбиге балмұздақ таратылып, арнайы ойын алаңдары құрылды. Үлкендер үшін айт намазынан соң айттық дастархан берілді. Еске сала кетелік, күллі мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын Ораза айт мерекесі кеше басталды.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.